"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" тарихи сағат
Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан.
Ыбырай Нұрхан мен Дүзен Орал өз немерелеріне шежіресін түсіндіруде.
Сағындықов Бақтияр отбасы
Comentários